Пациенттің стоматологиялық көмек алу кезінде білуі қажет қадамдар

Пациенттің стоматологиялық көмек алу кезінде білуі қажет қадамдар

Бүгінгі таңда Қазақстанда стоматологиялық көмек Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау, СҚО - 7 мемлекеттік стоматологиядан басқа, толығымен жеке клиникалар базасында ұсынылған.

Халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысандағы стоматологиялық көмек "Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106/2020 бұйрығымен айқындалатын тізбе бойынша көрсетіледі.

Шұғыл стоматологиялық көмекке жататын халықтың санаттары: 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындар, мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар.

18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер МӘМС қаражаты есебінен жоспарлы стоматологиялық көмекке жатады.

Басқа жағдайларда стоматологиялық көмек ақылы негізде көрсетіледі.

Медициналық көмек көрсетуге қарамастан – жоспарлы немесе шұғыл-пациенттің жазбаша ақпараттандырылған келісімі болуы міндетті. Аталған келісім емделушіге емдеу әдістері, емдеу кезіндегі ықтимал асқынулар мен салдарлар туралы ескертілгенін растайды.

Медициналық көмек ақылы негізде көрсетілген жағдайда міндетті түрде медициналық көмек көрсетуге шарт жасасуды талап ету қажет.

Бұдан басқа, медициналық қызметке лицензияның және оған қосымшаның бар екеніне, сондай-ақ қызметтің осы түріне мамандар сертификаттарының міндетті түрде бар екеніне көз жеткізуге кеңес береміз (лицензиялар және оған қосымшалар мерзімсіз беріледі, сертификаттар 5 жылға беріледі).

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жоғары және орта медициналық білімі бар адамдар (тіс дәрігерлері) стоматологиялық көмек көрсете алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 424-бабының 1-тармағына сәйкес қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ адамның медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысқанына жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – МФБК) келіп түскен шағымдар мен өтініштерді талдау кезінде олардың көпшілігі - сапасыз тіс жұлуға - 35, сапасыз емдеуге - 23, тістерді сапасыз протездеуге және брекеттер орнатуға - 18.

Стоматологиялық көмек көрсету бойынша негізделген наразылықтар туындаған жағдайда азаматтар ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.

МФБК байланыс нөмірі: 8 7172 74 26 27;
ӘМСҚ сall-орталығы: 1406.
МФБК аумақтық департаменттерінің байланыс арналарымен МФБК сайтында танысуға болады.