23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні!

23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні!

Бүгін бүкіл әлемнің мемлекеттік қызметшілері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде!

Қазақстанда бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылы бекітілді. 2014 жылдан бастап елімізде мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтіле бастады.

Мемлекеттік қызметшінің рөлін асыра айту мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрақты әлеуметтік-саяси өмірді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ олардың жұмысы заңнама шеңберінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметші жоғары этикалық қағидаттарға, білімнің кең спектріне, жауапкершілікке ие болуға және өзіне талапшыл болуға тиіс.
Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері қызметінің негізгі басымдықтары ашықтық, тиімділік және халықтың сұранысына бағдарлану болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдардың үздік қызметкерлерін марапаттады.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісіне ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы Бибігүл Жанатаева ие болды.

Барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, алға қойған барлық мақсаттарыңыздың жүзеге асуына, кәсіби өсу мен амандық тілейміз!