Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау тәртібі өзгерді

Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау тәртібі өзгерді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 96 қаулысымен «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Қаулыға сәйкес эпидемиялық маңызы бар объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері болып айқындалды.
Бұрын эпидемиялық мәні жоғары объектілер үшін ғана келісу талап етілетін.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ресми жариялау 2022 жылғы 3 наурызда өтті.