Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Фармацевтикалық қоғам өкілдерімен бірлесіп НҚА жетілдіру және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелерін талқылады

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Фармацевтикалық қоғам өкілдерімен бірлесіп НҚА жетілдіру және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркиннің басшылығымен фармацевтикалық қауымдастықтар, «Атамекен» ҰКП және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының өкілдерімен кездесу өтті.
Кеңес барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау және нарықтан іріктеу рәсімдерінің тәсілдерін қайта қарау туралы мәселелер талқыланды, сондай-ақ зияткерлік меншік, Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы НҚА жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы бірлескен шешім қабылданды.
Комитет төрағасы Б.Байсеркин атап өткендей, бизнестің өтініштерін ескере отырып, заңнаманы үйлестіру және фармөнеркәсіпті дамыту мақсатында жұмыс тобы бизнес-процестерді оңтайландыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін жан-жақты тәсілді қолданатын болады.
Жұмыс тобына ұлттық реттеуші органның және фармацевтикалық қоғамның өкілдері кіреді. Жұмыс тобының кездесулері тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарлануда.