Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
Президент өз сөзінде әлеуметтік әділеттілік маңызды мәселе болып қала беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет екенін еске салды.
«Бүгін мен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысатын болады.
Мысалы, сирек кездесетін аурулары бар балаларға көмек. Шынында да, көптеген отбасылар үшін емдеу шығындары өте ауыр.
Қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балалар үшін спорт объектілерін салатын боламыз. Қабілетті балаларға көмек көрсетеміз. Мәдениетті қолдаймыз. Алматыда қайғылы оқиғадан айығуға көмектесеміз. Осы қордың қаражатынан біз қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларын қолдаймыз.
Бұл тек жеке мысалдар.
Атап өтейін: бұл Президенттің, Үкіметтің немесе қандай да бір басқа мемлекеттік органның қоры емес. Бұл барлық қазақстандықтардың қоры, Халық қоры.
Ол әкімшілік немесе Үкімет жанында жұмыс істемейді.
Беделді байқау кеңесі құрылып, адал және жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметінің толық ашықтығын, қоғамның есеп беруін және бақылауында болуын қамтамасыз етеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті сөзінің толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқуға болады:
https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kk-tokaevtyn-kazakstan-respublikasynyn-parlamenti-mazhilisinin-otyrysynda-soylegen-sozi-1105319