28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

2019 жылғы 24 маусымда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қоғамды дамытудағы ерекше рөлін атап өтіп, журналистердің кәсіби мерекесін ұйымдастыруды тапсырды.

БАҚ қызметкерлерінің еңбегі қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Еңбекқорлығыңыздың, табандылығыңыздың және өз мақсатыңызды нақты түсінуіңіздің арқасында сіз гүлденген мемлекет құруда мәдени, әлеуметтік ықпал жасайсыз.

Сіз адам тағдырына немқұрайлы қарамайсыз - бұл мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де баға жеткісіз.

«Сіздер егемендік жылдарында ұрпақтың бойына азаттық рухын сіңіруге зор үлес қостыңыздар. Мен мемлекет пен қоғамның ортасында  алтын көпір болып жүрген журналистердің еңбегін жоғары бағалаймын. Әрқайсыңыз шынайы ақпарат таратудың жауапкершілігін сезініп, ұлттық мүдденің биігінен көріне береді деп сенемін», - деді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу, сәттілік және шексіз ынта тілейміз!