Байсеркин Бауыржан Сатжанұлы

Байсеркин Бауыржан Сатжанұлы

БАЙСЕРКИН Бауыржан Сатжанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Б. С. Байсеркин Қарағанды облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, 1993 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірген, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын дәрігер-эпидемиолог болып бастады. Әр жылдары ғылыми қызметкер; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас маманы, директоры; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Денсаулық сақтау секторының консультанты; медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау комитеттері төрағасының орынбасары және төрағасы; Қазақ Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының директоры; Республикалық ЖИТС қызметінің басшысы болып жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры.