
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары жалғасуда.
Осы бағыттағы маңызды өзгерістердің бірі – мемлекеттік қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсету. Бұл тәсіл өзара байланысты бірнеше қызметті бір жүйе арқылы алуға мүмкіндік береді.
Енді өтініш беруші қажетті рәсімдерден бір ақпараттық жүйе арқылы өтіп, құжаттарын электронды түрде ұсына алады.
Бұған дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты әртүрлі рәсімдерден өту үшін бірнеше қызметті жеке-жеке алу қажет болатын.
Қазір өзара байланысты қызметтер бір жүйеге біріктіріліп отыр. Өтініш берілгеннен кейін қажетті рәсімдер белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қызмет түріне қарай «Бір терезе» арқылы:
Бұл ретте цифрлық форматқа көшу сараптама жүргізу талаптарын өзгертпейді. Барлық өтініштер қолданыстағы тәртіпке сәйкес қаралады, ал тиісті шешімдер жүргізілген сараптама мен белгіленген рәсімдердің нәтижелері бойынша қабылданады.
«Бір терезе» жүйесінің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді ету.
Өтініш берушілер үшін бұл:
Сонымен қатар, «Бір терезе» жүйесі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының «Сараптама» ақпараттық жүйесімен өзара байланыстырылған.
Бұл өтінішті қажетті сараптама кезеңіне электронды түрде жіберуге мүмкіндік береді. Яғни өтініш берушіге әрбір кезең бойынша бөлек жүйеге қайта жүгінудің қажеті жоқ.
«Бір терезе» қағидаты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде қолданылады.
Сонымен қатар композиттік мемлекеттік қызмет шеңберінде бір-бірімен байланысты бірнеше рәсімді біріктіру қарастырылған.
Дәрілік заттардың жекелеген санаттары үшін жеделдетілген тіркеу тәртібі қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кейбір рәсімдер қатар жүргізіліп, қызмет көрсетуге кететін жалпы уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.
«Бір терезе» жүйесін енгізу дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыруға және өтініш берушілер үшін қызмет алу тәртібін жеңілдетуге бағытталған.
Ақпараттық жүйеге eo.ehealth.kz арқылы кіруге болады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оларды алу процесін жеңілдету және цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.