
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 100 мг және 150 мг дозадағы «Трамадол Ланнахер» дәрілік заттарының екі тіркеу куәлігінің күші жойылғанын хабарлайды.
Тиісті шешім Комитеттің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 330-НҚ бұйрығымен қабылданды.
Әңгіме үлбірлі қабықпен қапталған, ретард таблеткалары түріндегі «Трамадол Ланнахер» препаратының 100 мг (№ РК-ЛС-5№014708, № ЛП-№011908-РГ-KZ) және 150 мг (№ РК-ЛС-5№013921, № ЛП-№011907-РГ-KZ) дозалары туралы болып отыр.
Тіркеу куәліктерінің күші олардың ұстаушысы – Ресей Федерациясының «Бауш Хелс» ЖШҚ бастамасымен, компанияның тиісті бизнес-шешім қабылдауына байланысты жойылды.
Бұл ретте тіркеу куәліктерінің күшін жою дәрілік заттардың сапасына, тиімділігіне немесе қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі анықталғанына байланысты емес.
2026 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар мемлекеттік тізілімінде құрамында трамадолдың әсер етуші заты бар 7 дәрілік зат тіркелген.
Оларды үш өндіруші шығарады: Protech Biopharma Pvt. Ltd. (Үндістан), G.L. Pharma GmbH (Австрия), сондай-ақ отандық өндіруші – «Химфарм» АҚ (Қазақстан Республикасы).
100 мг дозада бір дәрілік зат тіркелген. Бұл – G.L. Pharma GmbH (Австрия) өндірген «Трамадол Ланнахер», инъекцияға арналған 100 мг/2 мл ерітіндісі. Тіркеу куәлігінің № – РК-ЛС-№013923.
150 мг дозада 2026 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша құрамында трамадол бар тіркелген дәрілік заттар жоқ.
Құрамында трамадол бар тіркелген дәрілік заттар туралы толық ақпарат қосымшада берілген.
| № | Рег. номер | Торговое название | Дата регистрации | Дата истечение | Производитель | Страна | МНН | Лек. форма | Формы отпуска | Код АТХ | Наименование кода АТХ |
| 1 | РК-ЛС-5№121793 | Трамадол | 03.03.2021 00:00:00 | 28.11.2028 00:00:00 | Protech Biopharma Pvt. Ltd. | ИНДИЯ | Трамадол | Капсулы | По рецепту | N02AX02 | Трамадол |
| 2 | РК-ЛС-3№019591 | Трамадол | 29.01.2021 00:00:00 | 13.12.2027 00:00:00 | АО Химфарм | КАЗАХСТАН | Трамадол | Таблетки, покрытые оболочкой | По рецепту | N02AX02 | Трамадол |
| 3 | РК-ЛС-5№013923 | Трамадол Ланнахер | 12.06.2019 00:00:00 | 28.09.2026 00:00:00 | Г.Л. Фарма ГмбХ | АВСТРИЯ | Трамадол | Раствор для инъекций | По рецепту | N02AX02 | Трамадол |
| 4 | РК-ЛС-5№013925 | Трамадол Ланнахер | 03.04.2019 00:00:00 | 21.09.2026 00:00:00 | Г.Л. Фарма ГмбХ | АВСТРИЯ | Трамадол | Таблетки, покрытые пленочной оболочкой | По рецепту | N02AX02 | Трамадол |
| 5 | РК-ЛС-5№014045 | Трамадол | 20.01.2017 00:00:00 | 13.12.2027 00:00:00 | Химфарм | КАЗАХСТАН | Трамадол | Раствор для инъекций | По рецепту | N02AX02 | Трамадол |
| 6 | ЛП-№011645-РГ-KZ | Трамадол Ланнахер | 21.01.2026 | G.L. Pharma GmbH (Австрия) | Австрия | Трамадол Ланнахер | раствор для инъекций | По рецепту | N02AX02 | Трамадол | |
| 7 | ЛП-№011646-РГ-KZ | Трамадол Ланнахер | 09.01.2026 | G.L. Pharma GmbH (Австрия) | Австрия | Трамадол Ланнахер | таблетки, покрытые пленочной оболочкой | По рецепту | N02AX02 | Трамадол |