
Қазақстанда азаматтарға дәрілік заттарды өз бетінше тексеруге, олардың таңбалануы мен қозғалысы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ белгіленген шекті бағалардың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін NAQTY ONIM цифрлық сервисі жұмыс істейді.
Қосымша тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың мемлекеттік жүйесі аясында әзірленген. Оны пайдалану фармацевтикалық нарықтың ашықтығын арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қосымша мүмкіндік береді.
2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген дәрілік заттардың қаптамасында бірегей Data Matrix коды болады.
Препаратты тексеру үшін смартфондағы NAQTY ONIM қосымшасын ашып, камера арқылы осы кодты сканерлеу қажет.
Сканерлегеннен кейін пайдаланушы дәрілік зат туралы, оның ішінде мынадай ақпараттарды көре алады:
Цифрлық таңбалау дәрілік заттың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дистрибьюторға, дәріханаға және соңғы сатып алушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
Қосымшаның тағы бір маңызды мүмкіндігі – дәрілік заттардың бағасын тексеру.
Пайдаланушы дәріге мемлекет белгілеген шекті бөлшек бағаны көріп, оны дәріханадағы нақты бағамен салыстыра алады.
Егер дәрінің бағасы белгіленген шекті деңгейден жоғары болса, азамат бұл туралы цифрлық сервистер арқылы хабарлап, ақпаратты одан әрі қарау үшін уәкілетті органдарға жібере алады.
NAQTY ONIM азаматтарға сатып алатын дәрілік зат туралы ақпаратты өз бетінше алуға және ықтимал заң бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Мұндай цифрлық құралдар мемлекеттік бақылауды толықтырып, дәрілік заттарды белгіленген талаптарды бұза отырып сату жағдайларын дер кезінде анықтауға ықпал етеді.
Цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі:
NAQTY ONIM-ді пайдалану арқылы сатып алушы дәрілік затты сатып алмас бұрын оның таңбалануын тексеріп, препарат туралы қажетті ақпаратты ала алады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды бақылауға арналған цифрлық құралдарды жетілдіру және азаматтар үшін қажетті ақпараттың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.