ЖАНДОС ӘДІЛХАН ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАНДОС ӘДІЛХАН ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2026 жылғы 3 тамызда Әділхан Жандос Қойшыбайұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жандос Қойшыбайұлы Әділхан 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Шипагер» ЖШС ауруханасының мейіргері болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда қалалық емханасының окулист дәрігері, Қызылорда облыстық медицина орталығы қабылдау бөлімшесінің хирург дәрігері, қалалық емхана хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының хирургиялық қызмет жөніндегі бас маманы, Қызылорда облыстық онкология орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, облыстық медициналық орталық директорының орынбасары, Көпбейінді аурухананың бас дәрігері, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы, «TURAR HEALTHCARE» КеАҚ бас менеджері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі қызметтерінде болды.

2024–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры лауазымын атқарды.