ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

2026 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Жангелді Мырзагелдіұлы Шайымбетов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жангелді Мырзагелдіұлы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім алған. Сонымен қатар «Медицина» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша PhD доктор ғылыми дәрежесіне ие.

Жалпы еңбек өтілі - 12 жыл 9 ай, оның 10 жылдан астам денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтер атқарды. Кәсіби еңбек жолында бас дәрігердің орынбасары, дәрігер-сарапшы қызметтерін атқара жүріп, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалын басқарды.