
2026 жылғы Қазақстан фармацевтикалық форумында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов фармацевтикалық нарықты дамыту мен реттеудің негізгі бағыттарын атап өтті.
Спикер өз сөзінде мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдірудің басым бағыттарына тоқталып, дәрілік заттарға баға белгілеу, халықты дәрілік қамтамасыз етудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ фармацевтикалық нарықтың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін де қозғады.
Қазақстанда 20 мыңнан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тіркелген, олардың 15%-дан астамын отандық компаниялар өндіреді.
Басым бағыттардың бірі — тіркеу рәсімдерін оңтайландыру. 2025 жылдан бастап «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік мемлекеттік қызметті енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда. Дамыған реттеу жүйесі бар елдерде шекті бағаларды қатар қалыптастыру Ұлттық дәрілік формулярға енгізу мүмкіндігімен, мақұлданған препараттар үшін жеделдетілген тіркеу рәсімі қолданылады.
Маңызды нәтиже - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аудитінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық реттеу жүйесінің жетілуі 3-деңгейге қол жеткізді. Бұл туралы ДДСҰ-ның ресми сайтында жарияланды. ДДСҰ-ның Еуропалық аймағындағы 53 елдің ішінде Қазақстан осы деңгейге жеткен төртінші реттеуші ел болды. Аталмыш нәтижеге қол жеткізуге Денсаулық сақтау министрлігінің, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ фармацевтикалық сала өкілдері, соның ішінде отандық өндірушілер, сараптамалық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар елеулі үлес қосты.
Фармацевтикалық нарықты реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес жалғасады.