Қазақстан маңызды халықаралық мойындауға қол жеткізді

Қазақстан маңызды халықаралық мойындауға қол жеткізді

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO) дәрілік заттар мен импортталатын вакциналарды реттеу жүйесі бойынша мойындауына ие болған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды.

Maturity Level 3 (ML3) деңгейіне жету елдегі медициналық өнімдердің сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес екенін растайды.

Бұл дегеніміз:
1) дәрілік заттар мен вакциналардың қатаң бақылауда болуы;
2) халықаралық талаптарға сәйкестік;
3) халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімінің артуы.

Аталған нәтиже – денсаулық сақтау жүйесін нығайту және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам.

Толығырақ: https://www.who.int/news/item/09-04-2026-kazakhstan-becomes-first-country-in-central-asia-to-earn-who-recognition-for-regulation-of-medicines-and-imported-vaccines