2026 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (МФБК) және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының (ДЗ мен МБ СҰО) қызметкерлері сапаны бақылау зертханаларында қолданылатын аналитикалық әдістердің сенімділігін бағалау тақырыбында арнайы оқытуға қатысты.
Оқыту дәрілік заттардың сапасын бақылау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталды. Тренинг барысында стандартты үлгілерді қолдануға және олардың нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Оқу бағдарламасы теориялық сабақтар мен практикалық тапсырмаларды қамтыды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, инспекциялар жүргізу және тіркеу досьелеріне сараптама жасау кезінде қолдануға болатын практикалық құралдарға ие болды.
Оқытуды халықаралық сарапшы, PhD дәрежесінің иегері, United States Pharmacopeia (USP) ұйымының EMEA өңірі бойынша ғылыми мәселелер жөніндегі аға менеджері Кристиан Цайне жүргізді.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу дәрілік заттардың сапасын бақылау жүйесін нығайтуға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының нарығындағы қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.