МФБК қадағалау қызметінің сапасын бақылауды және цифрландыруды күшейтуде

МФБК қадағалау қызметінің сапасын бақылауды және цифрландыруды күшейтуде

🔴 Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің төрағалығымен құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері қатысқан алқа отырысы өтті.

💊 Отырыста медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

💬 Атап айтқанда, мынадай мәселелер талқыланды:

🔷 аумақтық департаменттерде сапа менеджменті жүйесін енгізу, фармакологиялық қадағалауды дамыту, сондай-ақ тиісті дистрибьюторлық практика стандарттарын енгізу;

🔷 медициналық қызметті профилактикалық бақылау саласындағы жоспар көрсеткіштерінің орындалуы және медициналық қызметтің сапасын бағалау жүйесін жетілдіру;

🔷 субъектілерге бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізу мен цифрлық мониторингті дамытуға бағытталған РБЖ 2.0 ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі жобалық шешімдерді іске асыру;

🔷 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, оның ішінде call-орталық енгізу арқылы азаматтардың өтініштерімен жұмыстың тиімділігін арттыру;

🔷 аумақтық бөлімшелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлікті ұтымды пайдалану.

🔴 Алқа отырысының қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық департаменттеріне қызметтің тиімділігін арттыруға, бақылау процестерін цифрландыруды дамытуға, ашықтықты қамтамасыз