
Құрметті тіркеу куәліктерінің иелері мен өндірушілер!
Ұлттық рәсімге сәйкес тіркелген дәрілік препараттарды 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) талаптарына сәйкестендіру қажеттігін еске саламыз.
Дәрілік заттардың тапшылығына жол бермеу мақсатында сәйкестендіруге арналған өтінімдер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін CTD форматындағы толық тіркеу досьесін міндетті түрде ұсынбай-ақ қабылданады. Өтінім беру кезінде Қазақстан Республикасын референттік мемлекет немесе тану мемлекеті ретінде көрсету қажет.
Толық тіркеу досьесі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұсынылуы тиіс.
Сараптамалық жұмыстар тіркеу досьесі толық көлемде ұсынылғаннан кейін ғана басталады. Тіркеу досьесі ұсынылмаған жағдайда дәрілік препараттарды сәйкестендіруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Тиісті өтінім мен растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі рәсім жүргізу кезеңіне ұзартылуы мүмкін.
Осы хабарлама 2022 жылғы 10 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің №96 шешіміне сәйкес тіркелген дәрілік препараттарға, сондай-ақ ерікті тәртіппен сәйкестендірілетін стратегиялық маңызы бар дәрілік заттарға қолданылмайтынын назарларыңызға саламыз.
ЕАЭО талаптарына сәйкестендіру жүргізілмеген жағдайда, мұндай дәрілік препараттардың тізбесін МФБК-ға жолдап, көшірмесін ДЗ мен МБ СҰО-ға ұсынуларыңызды сұраймыз.