II Халықаралық фармацевтикалық инспекторлар форумы (IFPI)

II Халықаралық фармацевтикалық инспекторлар форумы (IFPI)

Осы жылдың қараша айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі – «Дәрілік заттар мен тиісті практикалардың мемлекеттік институты» ұйымдастырған II Халықаралық фармацевтикалық инспекторлар форумы (IFPI) өтті.

Халықаралық форум жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының басшысы Жанар Ордабекова қатысты.

Іс-шара дәрілік заттардың айналымы және GMP-инспекциялары саласында әлемнің түрлі өңірлеріндегі реттеуші органдар арасында өзара іс-қимылды дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталды. Форум жұмысына 40-тан астам елдің реттеуші органдарының өкілдері қатысты.

Форум барысында дәрілік заттарды өндіруге қойылатын регуляторлық талаптарды үйлестіру саласындағы өзекті үрдістер, GMP-инспекцияларының нәтижелерін өзара тану мәселелері, реттеушілік сенімділік және қадағалау жүйелерінің эквиваленттілігін бағалау, түрлі елдерде дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, шетелдік реттеуші органдар және өкілдермен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Форумға қатысу дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бағытындағы реттеушілік үдерістерді жетілдіруге, сондай-ақ инспекциялау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.