ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖЕКЕ ПРОЦЕДУРАЛЫҚ КАБИНЕТТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖЕКЕ ПРОЦЕДУРАЛЫҚ КАБИНЕТТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Комитеттің талдауы нәтижесінде елімізде 1900-ден астам жеке процедурлық кабинет жұмыс істейтіні анықталды. Оның 406-сы медициналық қызметке арналған лицензиясыз қызмет көрсеткен.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 247 кабинет қызметін ерікті түрде тоқтатты.
84 кабинет бойынша жоспардан тыс тексерулер аяқталды.
Қалған 75 нысанға қатысты — БИН нақтыланған жағдайда жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Бірқатар нысандар лицензия алу үшін құжаттарын дайындауда.

Тексерулер барысында келесі заңбұзушылықтар анықталды:
– лицензиясыз қызмет көрсету;
– санитариялық талаптарды сақтамау;
– дәрілік заттарды дұрыс сақтамау;
– білікті медициналық персоналдың болмауы;
– шұғыл көмекке арналған укладкалардың болмауы.

Жүргізілген бақылау нәтижесінде 122 әкімшілік хаттама толтырылып, 15 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Комитет төрағасы Б. Жүсіпов жеке процедуралық кабинеттер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып өтті.

Сюжетке сілтеме - https://www.youtube.com/watch?si=GyB83p8iw2KN7uhN&v=APRiYiyoKp0&feature=youtu.be