Комитет төрағасының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

Комитет төрағасының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

2025 жылдың 20-21 қараша күндері Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Әлішерұлы Жүсіпов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

20 қарашада Комитет төрағасы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті өңірде “Шекара маңындағы өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері” бойынша көшпелі отырысқа қатысты. Жиынға депутаттар мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысып, көтерілген мәселелер талқыланды. Б.Жүсіпов денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, айтылған ұсыныстар өңірлерді дамыту жоспарына енгізілетінін атап өтті.

21 қарашада облыстық денсаулық сақтау басқармасында медициналық ұйым басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиын өтіп, өңірдің денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер қаралып, медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

Сапар барысында Комитет төрағасы бірқатар медициналық ұйымдар мен дәріханаларға барып, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, сондай-ақ вирустық инфекциялар өршитін маусымдағы дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу деңгейін бағалады.