Вирусқа қарсы дәрілердің қолжетімділігі тұрақты бақылауда және толық қамтамасыз етілген

Вирусқа қарсы дәрілердің қолжетімділігі тұрақты бақылауда және толық қамтамасыз етілген

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті фармацевтикалық субъектілердің, дистрибьюторлар қауымдастықтарының және Қазақстан Республикасында фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту ұйымдарының деректеріне сәйкес, республика бойынша қоймаларда қабынуға қарсы және вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры бар екенін хабарлайды.

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бастап келесі дәрілік заттарға сертификаттар беріліп, қолдануға рұқсат етілді: Флувир капсулалары 30 мг – 58 684 қаптама; Флувир капсулалары 75 мг – 115 208 қаптама; Флукап суспензия дайындауға арналған ұнтақ – 77 532 қаптама; Флувир капсулалары 75 мг – 115 208 қаптама; Флукап суспензия дайындауға арналған ұнтақ – 77 532 қаптама.

Астана қаласындағы бөлшек дәріханаларға жүргізілген мониторингке сәйкес, бүгінгі таңда төмендегі вирусқа қарсы дәрілік заттар бар:

  • Ингавирин 30 мг, 60 мг, 90 мг
  • Гроприносин, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 500 және 1000 мг, флакондардағы суспензия
  • Полиоксидоний, 12 мг таблеткалар
  • Эргоферон, 60 мг
  • Кагоцел, 12 мг таблеткалар №20
  • Арпефлю 100 мг №30
  • Тилаксин, 125 мг таблеткалар
  • Анаферон барлық түрлері мен дозировкалары
  • Галавит таблеткалар, суппозиторийлер
  • Валтеро 500 мг №30
  • Ациклостад барлық дозировкалар
  • Валовекс 500 мг
  • Улкарил 800 мг
  • Умкалор тамшылары
  • Афлубин таблеткалар, тамшылар

 

Сонымен қатар, дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізіліп, сұраныстың артуына байланысты осы аптада Астана қаласына қосымша көлемде келесі дәрілік заттардың жеткізілуі күтілуде: «Осевир» капсулалары 75 мг №10 (МНН – осельтамивир), «Флукап» суспензия дайындауға арналған ұнтақ, «Флувир» капсулалары 30 мг және 75 мг.

Комитеттің аумақтық департаменттері вирусқа қарсы дәрілік заттардың көтерме және бөлшек сауда желісіндегі бар-жоғын апта сайын мониторингтеуді жүргізеді.