Екібастұз қаласының медициналық ұйымында қайтыс болу фактісі бойынша

Екібастұз қаласының медициналық ұйымында қайтыс болу фактісі бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Павлодар облысында 40 жастағы азамат Б.Ж.М.-нің өліміне қатысты төмендегіні хабарлайды.
Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті тәуелсіз сарапшыларды (терапевт дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, травматолог) тарта отырып, Екібастұз қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімі қаулысының негізінде пациенттің маршруты бойынша медициналық ұйымдарда тексерулер жүргізуде.
Тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқықтық баға беру және процестік шешім қабылдау үшін Екібастұз қаласы Полиция басқармасының тергеу бөліміне жолданатын болады.