
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов 2025 жылғы 20-25 қазан аралығында Грекияның Афина қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық офисі ұйымдастырған III күзгі мектепке қатысуда.
Мектеп аясында 2024 жылғы қорытындысы бойынша ДДҰ-ның медициналық көмек сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігіне арналған Ғаламдық стратегиясын жүзеге асыру нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар, Афина қаласында Комитет төрағасы медициналық көмек сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігі бойынша ДДҰ офистің басшысы Жоао Бредамен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасында 2026-2030 жылдарға арналған медициналық көмек сапасын басқаруды жетілдіру кешенді жоспары жобасын талқылау жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша ДДҰ офисі стратегиялық құжаттарды әзірлеуге, негізгі көрсеткіштерді белгілеуге, сапа мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби және пациенттік қауымдастықтарды тартуға әдістемелік көмек және институционалдық қолдау көрсету бойынша келісімге қол жеткізілді.