2025 жылғы қыркүйек айында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен ФМҚ «Дәрілік заттардың тиісті тәжірибелерінің мемлекеттік институты» бірлесіп ұйымдастырған Х халықаралық жалпыресейлік GMP-конференциясы өтті.
Конференция жұмысына 30-дан астам ел және 75-тен астам спикер қатысты.
Іскерлік бағдарлама аясында дәрілік заттардың айналысы жүйесінде тиісті тәжірибелердің стратегиялық рөлі және олардың заманауи процестермен ықпалдастығы, бірыңғай реттеушілікті қалыптастыру, дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының басшысы Жанар Ордабекова Х жалпыресейлік GMP-конференциясының «ЕАЭО аясында медициналық қолдануға арналған дәрілік заттардың бірыңғай нарығы» атты панельдік сессиясына қатысты.
Аталған сессия барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті өкілдері дәрілік заттың өмірлік циклін ұйымдастыру және сапасын қамтамасыз ету мәселелерін, ұлттық және шетелдік дәрілік зат өндірушілеріне инспекция жүргізудің ерекшеліктерін, тіркеу рәсімдері шеңберінде инспекцияларды, сондай-ақ инспекцияларды бастау кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді талқылады.
Өз баяндамасында Ж. Ордабекова инспекция жүргізу мәселелерін жетілдіруді, ЕАЭО шеңберінде тәуекелдерді басқару тәсілдерін күшейтуді қамтыды.
Соңғы 10 жыл ішінде ЕАЭО дәрілік заттардың айналысының бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы Келісімге қол қойылған сәттен бастап ортақ нарықты реттеу және тәжірибелерді жақындастыру мәселелерінде елеулі прогресс байқалды.