Астанада «Біріктірілген алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін құру (BaSIC)» жобасы аясында тренерлерді даярлау (ToT) тренингі басталды.

Астанада «Біріктірілген алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін құру (BaSIC)» жобасы аясында тренерлерді даярлау (ToT) тренингі басталды.

Астанада ACQH қолдауымен «Біріктірілген алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін құру (BaSIC)» жобасы аясында тренерлерді даярлау (ToT) тренингі басталды.

2025 жылғы 8 қыркүйекте Астанада «Тәжікстанда біріктірілген алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін құру (BaSIC)» халықаралық жобасы аясында тренерлерді даярлау (Training of Trainers, ToT) бағдарламасының ашылуы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, Тәжікстан Елшілігінің Қазақстандағы өкілдігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу орталығы (ACQH) ұйымдастырды.

Бірінші күннің бағдарламасы медициналық көмек сапасы мен аккредиттеудің негіздеріне арналды. Қатысушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және ISQua стандарттары бойынша «Сапа» және «Науқас қауіпсіздігі» негізгі ұғымдарын талқылады, тәуекелдерді төмендетудегі аккредиттеудің рөлін қарастырды және ұлттық аккредиттеу жүйесін талдады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төраға орынбасары Айманов Н.Б. Қазақстандағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек сапасын бақылау тәжірибесін таныстырды.

Бұл күн Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күні аясында «Patient Safety from the Start» ұлттық челленджінің тұсаукесерімен және «Серіктес ретінде пациент» жобасы бойынша ACQH және «ДОМ» ҚБ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Бес күн бойы қатысушыларды практикалық сессиялар, Қазақстан мен Тәжікстан сарапшылары арасында тәжірибе алмасу, халықаралық сапа және науқас қауіпсіздігі стандарттарын талқылау, аккредиттеу сарапшыларының құзыреттілігін қалыптастыру және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті интеграциялау бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу күтіп тұр. Қорытынды күн нәтижелерді жинақтап, әрі қарай ынтымақтастық жоспарын жасауға арналатын болады.