МФБК-ға медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында қадағалау функциясы мен жедел ден қою шаралары берілетін болады

МФБК-ға медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында қадағалау функциясы мен жедел ден қою шаралары берілетін болады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында қадағалау функциясы мен жедел ден қою шаралары берілетін болады.

Бұл норма міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған заңда көзделген.

МФБК-ның қадағалау функциясы өрескел бұзушылықтар мен заңсыз медициналық қызметке ұзақ келісімдерсіз және сотқа жүгінбей жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл бұзушылықтарға уақтылы ден қоюға, медициналық көмек көрсету кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге, пациенттерді қорғауға және денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Комитет мемлекеттік бақылау шеңберінде тиісті лицензияларсыз, медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін өрескел бұзушылықпен атқарылған заңсыз медициналық қызмет жағдайларын анықтайды.