ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді аяқтады

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді аяқтады

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қаупі болуы мүмкін лауазымдар мен сол лауазымдар аясындағы өкілеттіліктерге қатысты тізім әзірленді.


Тізімге комитеттің басшылық құрамы, құрылымдық бөлімше қызметкерлері, сондай-ақ бюджет жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, лицензиялау және бақылау салаларында жұмыс істейтін мамандар енгізілді.


Талдау комитет қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар шеңберінде жүргізілді. Құжат Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіповпен бекітіліп, уәкілетті тұлғалармен келісілді.