
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасын әзірледі.
Аталған құжат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:
Бүгінгі таңда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, нарықтан өнім үлгілерін іріктеу арқылы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы тарапынан жүзеге асырылады.
Ұсынылып отырған шаралар кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне әсер етпейді және бизнестің мүддесіне теріс ықпал етпейді.
Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау 2025 жылғы 11 шілдеде Zoom-конференция форматында өтеді.
Құжатпен 2025 жылғы 11–15 шілде аралығында «Ашық НҚА» порталында танысуға және пікір қалдыруға болады.