Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде әскери нысандардағы медициналық қызметтегі бұзушылықтардың алдын алу және тексеру тәртібі талқыланды

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде әскери нысандардағы медициналық қызметтегі бұзушылықтардың алдын алу және тексеру тәртібі талқыланды

Бүгін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Әскери департаментінің өкілдерімен кеңес өтті.

Кеңеске Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Айманов, аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің азаматтық және әкімшілік құқық саласындағы құқықтық ақпарат қалыптастыру бөлімінің басшысы Ержан Мұсабеков және қылмыстық құқық саласындағы құқықтық ақпарат қалыптастыру бөлімінің прокуроры Тілеген Мұкатаев қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар әскери нысанда медицина саласындағы тексерулерді тағайындаудың заңдылығы, оларды ресімдеу, тіркеу және азаматтардан өтініштер түскен кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелерін қарады.

Қатысушылар сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, өтініш берушілермен тиімді қарым-қатынас орнату және өтініштерді уақтылы және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылады. Әскери департаментінің өкілдері белгіленген мерзімдер мен тексеру материалдарының сапасына қойылатын талаптарды қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Заңдылықты, тәртіпті және жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған «нөлдік төзімділік» қағидатын сақтау мәселесі жеке қаралды. Бірыңғай құқықтық ұстаным мен ведомствоаралық үйлесімділік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесудің тиімді негізі болып табылатыны атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар азаматтардың құқықтарын қорғау және бақылау тиімділігін арттыру мақсатында алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.