
Кездесу барысында заңға құрмет, құқықтық сана, жеке жауапкершілік және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.
2026 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің қызметкерлерімен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ренат Қанатұлы Унарбеков, «Қазақстанның Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің ұйымы» ҚБ төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Қоспанұлы Болсамбеков, сондай-ақ ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті ардагерлер ұйымының төрағасы Мұхтар Пшенбайұлы Кайсин қатысты.
Кездесу барысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, құқықтық сананы арттыру, жеке жауапкершілік пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ардагерлер тарапынан ішкі істер органдарындағы көпжылдық қызметтік тәжірибеге негізделген тағылымды пікірлер айтылып, жас қызметкерлерге заңдылық пен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға, сондай-ақ «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға бағытталды.