ІІМ Музейіне экскурсия

ІІМ Музейіне экскурсия

2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Музейіне Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитеті Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушылары танымдық экскурсияға қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, Отанға және қызметтік борышқа адалдық қасиеттерін дәріптеу, ішкі істер органдарының тарихы мен қалыптасу кезеңдері туралы білімдерін кеңейту. Экскурсия барысында қатысушылар ІІМ қызметінің тарихи даму жолымен, ардагерлердің өнегелі өмірімен, қызметтік міндетін атқару кезінде ерлік көрсеткен қызметкерлердің өмір жолымен және музей қорындағы бірегей жәдігерлермен танысты.