
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама Тараз қаласының Орталық саябағында өткізіліп, оған қызметкерлердің балалары мен олардың ата-аналары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.
Мереке барысында балалар түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысып, аттракциондарда демалып, қызықты байқаулар мен эстафеталарда өз бақтарын сынады. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге тәттілер мен естелік сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету, жан-жақты дамуына жағдай жасау және оларға қамқорлық көрсету әрқашан басты назарда. Ұйымдастырылған іс-шара балаларға ұмытылмас әсер қалдырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.