
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Бауыржан Момышұлы атындағы Оқу орталығында 2026 жылғы 15-16 мамыр күндері аралығында «Үздік қызметкер» конкурсы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Ішкі істер органдарының Мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, қызметтік міндеттерін сапалы әрі тиімді орындауға ынталандыру, сондай-ақ олардың шығармашылық әлеуеті мен бастамаларын дамыту.
Конкурсқа өңірлерден ұсынылған орта және кіші басшы құрамындағы қызметкерлер қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды Оқу орталығының басшысы Асылбек Қадырұлы Алиев дипломдармен марапаттап, естелік сыйлықтарын табыстады.
Қатысушыларға алдағы қызметтеріне сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!