Алматы облысында «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды

Алматы облысында «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды

Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Алматы облысы және Жетісу облысының МКҚБ ұйымдастыруымен Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жоба жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, патриоттық тәрбиені нығайтуға және күзет қызметінің беделін арттыруға бағытталған.

Іс-шара барысында оқушылар Ант қабылдап, арнайы куәліктерге ие болды.

Сыныпқа Тараз қаласында террористті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Байсейтов Жақсыбек Апрельбекұлының есімі берілді.

Іс-шараға басқарма бастығы полиция полковнигі Қ.Қ. Жарқынбаев, МКҚБ жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, білім беру саласының өкілдері және ата-аналар қатысты.