Жас сақшы кадеттеріне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Жас сақшы кадеттеріне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Қызылорда облысы МКҚБ ұйымдастыруымен Шиелі ауданы №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушылары Руханият орталығының кітапханасына арнайы барып, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған музеймен танысты.

Танымдық іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің рухани дүниесін байыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің мұрасын насихаттау болды.

Іс-шара оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті. Жас сақшылар осындай тағылымды кездесулер арқылы өз білімдерін толықтырып, ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметтерін нығайтты.