ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері елордадағы экологиялық сенбілікке қатысты

ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері елордадағы экологиялық сенбілікке қатысты

25 сәуір күні ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында елорданың орталық саябағында өткен сенбілікке қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырды.

Сенбілік барысында қатысушылар тал егу жұмыстарын жүргізіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Тазалық пен табиғатқа жанашырлық – баршамызға ортақ құндылық.