ІІМ Басқару академиясында кездесу өтті

ІІМ Басқару академиясында кездесу өтті
2026 жылғы 20–25 сәуір күндері аралығында ІІМ Басқару академиясының базасында «ІІО-да басшының жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау нысаны және әдістемесі» тақырыбы бойынша МКҚБ басқарма бастықтарының орынбасарлары оқу курсынан өтуде.

Осыған байланысты, 23 сәуір күні ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы полиция полковнигі Молдаханов Дархан Маханұлы оқу курсында жүрген басшы құраммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бөліністердегі өзекті мәселелер талқыланды, сонымен қатар, Комитет төрағасы қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Алматы қаласы МКҚБ полицейі Ғалиев Аян Ерболғанұлының құрметіне академия базасында арнайы сыныпты ашты.
 
Бұл бастама – ерлік пен адал қызметтің өнегесін дәріптеп, жас қызметкерлерге рухани бағдар беретін тағылымды қадам.