Атырауда Ұлттық кітап күніне орай ауқымды көрме өтті

Атырауда Ұлттық кітап күніне орай ауқымды көрме өтті

23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Атырау қаласындағы Абай орталығы ғимаратының алдында ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараны Атырау облыстық Ғабдол Сланов атындағы әмбебап кітапханасы барлық кітапханалардың қатысуымен өткізді.

Көрмеге Атырау облысы МКҚБ қызметкерлері де белсенді қатысты. Іс-шара барысында тарихи және лирикалық әдебиетке қызығушылық танытатын қызметкерлердің бар екені де анық байқалды.