Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу

Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу

Қардың еруі, су тасқыны – бұл көктемнің белгісі ғана емес, сонымен қатар микроорганизмдердің еріген сулармен ауыз суға түсу қаупі, өйткені топырақ арқылы судың сүзілуін күшейтетін барлық процестер су сапасының нашарлауына әкеледі.

Ең алдымен, бұл жіті ішек инфекциясы, дизентерия, тырысқақ, вирустық гепатит және т.б. сияқты жұқпалы аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупімен байланысты. Бұл инфекциялардың қоздырғыштары ұзақ уақыт бойы залалсыздандырылмаған суда тіршілік ету және көбею қабілетіне ие.

Су микроорганизмдермен ғана емес, сонымен қатар топырақтан шайылған әртүрлі химиялық қосылыстармен де ластанатындығына байланысты су тасқыны кезінде ашық су қоймасынан суды әртүрлі мақсаттарда пайдалануға жол бермеу қажет. Суды (қайнату) және тамақ өнімдерін (қайнату, қуыру және т.б.) термиялық өңдеу барлық ықтимал патогендерді, соның ішінде бактериялар мен вирустарды жоятынын есте ұстаған жөн.

Осыған байланысты мыналарды ұсынамыз:

- ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;

- су басқан орындарындардағы бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан суды ішпеу;

- бөтелкедегі ауыз су қорын қамтамасыз ету және кеміргіштер кіре алмайтын жерлерде жабық ыдыстарда сақтау;

- азық-түлік қорын қамтамасыз ету, тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау, бұл ретте жарамдылық мерзіміне назар аудару және кеміргіштер мен тасқын су кіре алмайтын жерлерде сақтау;

- шикі күйде тұтынатын көкөністер мен жемістерді мұқият жуу (содан кейін қайнаған сумен шаю);

- тамақтану алдында, дәретханаға барғаннан, серуендеуден кейін, тамақ дайындау алдында және тамақ дайындау процесінде әр үзілістен кейін қолды сабынмен жуу;

- жұқпалы аурулардың белгілері болған кезде (дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.) дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет;

- емдеу мекемесі жүргізетін медициналық қарап-тексеру кезінде жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, дене қызуының көтерілуі және аурудың пайда болған басқа белгілеріне шағымдардың болуын жасырмау, олар туралы медицина қызметкеріне міндетті түрде хабарлау;

- аула аумақтарын барлық қоқыстардан тазалау;

- кеміргіштерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу;

- су тасқынынан кейін барлық үй-жайларды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу.