Самарқанд қаласында өткен TIFA Кеңесінің негіздемелік келісімінің отырысында санитариялық шаралар және басқа да мәселелер талқыланды

Самарқанд қаласында өткен TIFA Кеңесінің негіздемелік келісімінің отырысында санитариялық шаралар және басқа да мәселелер талқыланды

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Т. Балықбаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы, сондай-ақ Сауда және интеграция, Әділет, Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) 2023 жылғы 17 наурызда өткен АҚШ және Орталық Азия елдерінің үкіметтері арасындағы сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісім кеңесінің (TIFA) кезекті отырысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Н.О. Сәдуақасов өкілдік етті.

Отырысқа АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген билік органдарының басқарушы буынының өкілдері қатысты.

Отырыс алаңдарында жұмыс күші, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, зияткерлік меншік, сауда бойынша техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, цифрлық сауда және кеден сияқты сауда мен инвестицияларға қатысты бірқатар мәселелерге арналған кездесулер өткізілді. Қатысушылар TIFA Кеңесінің бес жұмыс тобының ұсынымдарын қарап, ілгерілетуге келісті.

Оның ішінде, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне, тұрақты азық-түлік жүйелерін дамытуға, халықаралық сауданың қауіпсіздігіне, TIFA Кеңесіне мүше елдердің экспорттық мүмкіндіктеріне СФС шараларының әсерінен хабардар болуды арттыруға байланысты TIFA Кеңесінің негіздемелік келісімінің санитариялық және фитосанитариялық шаралары жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдары талқыланды.

Отырыс соңында қатысушылар АҚШ пен Орталдық Азия елдері арасындағы сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімнің кеңес отырысының нәтижелері туралы бірлескен мәлімдеме жобасын мақұлдады.