Республика мектептеріндегі сумен жабдықтау, санитария және гигиена мәселелері талқыланды

Республика мектептеріндегі сумен жабдықтау, санитария және гигиена мәселелері талқыланды

2023 жылғы 27 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының бастамасымен республика мектептерінде сумен жабдықтау, санитария және гигиена жай-күйін талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сенаторы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сәдуақасов Нұрқан Олжабайұлы, ДДҰ, «TOILE» әлеуметтік жобасының, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік жобаның өкілдері «TOILE» - «Қазақстандағы мектеп дәретханалары туралы таза шындық» жобасының алдын ала нәтижелерін таныстырды, мектептердегі WASH үшін ДДҰ стандарттары айтылды, мектептердің жағдайын жақсарту бойынша алдағы қадамдар мен бағыттар талқыланды.