Алматы облысы Шелек ауылының маңындағы медициналық қалдықтар үйіндісі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

Алматы облысы Шелек ауылының маңындағы медициналық қалдықтар үйіндісі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

«Балис-2007» ЖШС Шелек ауылының солтүстік-батысындағы аумақта полигонды ұйымдастыру жөніндегі қызметке Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінде рұқсат құжаттарын алған жоқ. Объекті бақылауда емес.

Қазіргі уақытта Алматы облысы Экология департаментінің мамандары ұйымдастырылмаған қалдықтар үйіндісінде тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Комитеттің аумақтық бөлімшесі өз құзыреті шегінде Алматы облысының Экология департаментімен бірлесіп, медициналық қалдықтардың меншік иелерін нақтылау бойынша жұмыс жүргізуде (қандай медициналық ұйымдармен медициналық қалдықтарды әкетуге, тасымалдауға және кәдеге жаратуға шарт жасалған).

Осы факті бойынша материалдар жергілікті атқарушы органдарға және Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына шаралар қабылдау үшін жолданды.

Жұмыс жалғасуда.