Алматы қаласындағы өнім қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы

Алматы қаласындағы өнім қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде өнімдердің сынамаларын іріктеуді жүргізуде. Халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар мен өнімдерді анықтау, әкелу мен өткізуден қорғау мақсатында өнімнің қауіпсіздігін бақылау жүргізіледі.

Өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде Алматы қаласында ағымдағы жылдың 10 айында сатып алулар жүргізіліп, өнімдердің 2464 сынамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасы өндірісінің өнімі – 762 сынама (сатып алынған сынамалардың жалпы санының 30,9%), импорттық өндіріс – 1596 сынама (64,7 %) зерттелді.

Мониторинг барысында, іріктелген сынамалардың 1333 (54%) сәйкессіздігі анықталды. Отандық өнімдер бойынша сәйкессіздік көрсеткіші – 25,4%, ЕАЭО елдерінің өнімдері бойынша – 74,4%,  басқа елдердің өнімдері бойынша - 20,8% құрады.

Сәйкессіздіктердің негізгі үлесі, атап айтқанда 85,5% таңбалау қағидаларының талаптарын бұзуға тиесілі: дайындаушының атауы мен орналасқан жері, мемлекеттік тілдегі ақпарат, КО-ға мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі, шығарылған күні жоқ, қаптаманың сәйкессіздігі. Сондай-ақ, сәйкессіздіктің 11,6% - қауіпсіздіктің микробиологиялық көрсеткіштерінің үлесіне, 0,6% - физикалық-химиялық көрсеткіштердің сәйкессіздігіне тиесілі.

Зерттелген сынамалардың жалпы санынан сәйкессіздіктер ет және балық өнімдерінде, құс етінде, сүт өнімдерінде, кондитерлік өнімдерде, май өнімдерінде, аспаздық өнімдерде, нан және нан-тоқаш өнімдерінде, көкөністерде, жемістерде  және т. б. анықталды.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша 174 ұйғарым берілді, жалпы сомасы 8 131 449 теңгеге айыппұл салынды, 3445,284 кг қауіпті өнім сатудан алынды.

Осыған байланысты, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімнің таңбалануын (атауы, дайындалған елдің атауы, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, қажет болған жағдайда сақтау шарттары, өнімді ашқаннан кейінгі қауіпсіздік шаралары) мұқият зерделеуді ұсынады. Сондай-ақ, тұтынушы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.

Таңбаланбаған және жарамдылық мерзімі өткен өнім табылған жағдайда Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық басқармаларына жүгіне аласыз.

(Фото ашық дереккөздерден алынды)