Комитет төрағасы Нұрқан Сәдуақасов БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Ольга Алгаеровамен кездесті

Комитет төрағасы Нұрқан Сәдуақасов БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Ольга Алгаеровамен кездесті

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов бастаған қазақстандық делегация Женевада өткізіліп жатқан Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттама тараптары кездесуінің 6-сессиясы шеңберінде 2022 ж. 17 қарашада БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Ольга Алгаеровамен кездесті.

Тараптар Қазақстанның Хаттамаға қосылу процесін, сондай-ақ 2023 жылғы наурызда өтетін БҰҰ-ның Су жөніндегі жаһандық конференциясына дайындық аясындағы бірқатар жобаларды талқылады.

Қазақстанның БҰҰ ЕЭК және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жұмысының динамикасына қанағаттанғандығын және бірлескен жобаларды одан әрі табысты іске асыруға үміт білдірді.