Вирустық гепатитттерден сақтаныңыз!

Вирустық гепатитттерден сақтаныңыз!

Вирустық гепатит инфекциялары – бауырдың ең көп таралған ауруы. Әлемде жылына  бір ғана  жіті вирустық гепатит түрінен  1-2 млн адам қайтыс болады деген бағамдық мәліметтер бар.

Вирустық гепатит жалпы клиникалық белгілері бойынша  жіті және созылмалы болып бөлінеді. Созылмалы вирусты гепатит дегеніміз 6 айдан және одан да көп уақытқа  созылатын   бауырдың қабынуы.  Жіті вирусты гепатитті уақытында емдемесе, созылмалы гепатитке айналады. Жалпы гепатиттің  А, В, С, Д, Е деген 5 түрі болады.  Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. А және Е вирусты гепатиті ішек инфекцияларынан  Е гепатиті қауіпті саналса, парентеральды В, С, Д гепатиттері ауыр асқынуларға жалғасу қауіптілігімен ерекшеленеді.

Түркістан облысында  жіті вирусты гепатит аурушаңдығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 жағдайға артқан. Жыл басынан бері өңірде созылмалы гепатиттің 375 жағдайы тіркеуге алынып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97-ге  көбейген.

 Гепатиттің  А, В, С, D және E типтері аурудың өршуіне және эпидемиялық таралуға  әкелетін әлеуетіне байланысты үлкен проблема болып табылады. А және Е түрлерін  ластанған тағамдарды немесе суды қолданудан пайда болады. В, С және D гепатиті ағзаны жұқтырғыш сұйықтықтарымен парентеральды байланыс нәтижесінде дамиды.                         Вирустардың кең таралған жұқтыру жолдарына вирусы бар  қанды құю, ластанған жабдықты қолданып инвазивті медициналық процедуралар және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас  арқылы  жұғулар жатады.

Созылмалы вирустық гепатит біраз уақытқа дейін клиникалық түрде адамға білінбеуі мүмкін. 

Вирусты гепатиттің белгілері;

  • бауыр көлемінің ұлғаюы;
  • іштің ауырлығы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта);
  • оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы, майлы тағамның жақпауы және т.б.;
  • әлсіреу, шаршау;
  • тәбеттің болмауы, жүрек айну;
  • кіші дәреттің күңгірттенуі;
  • үлкен дәрет түсінің өзгеруі (ашық бола бастайды);
  • терінің және көз ағының сарғыштануы (сары ауру).

Аталған белгілер  байқалған  жағдайда  бірден медицина мамандарына қаралу қажет.

Аурудың алдын алу үшін;  Гепатитке қарсы вакцина салдыру!  

Иммундау шараларының арқасында  жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалауға  мүмкіндік бар. Қазіргі таңда  A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар.  В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге шығарылмаған.