Мектептерде жіті ішек инфекцияларының және тағамдық токсикоинфекциялардың алдын алу

Мектептерде жіті ішек инфекцияларының және тағамдық токсикоинфекциялардың алдын алу

Балалар мен жасөспірімдер арасында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу – оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салады.

         Білім беру ұйымдарында тамақтан улану мен ЖІИ-нің негізгі себептері ас блогы қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, атап айтқанда: жеке гигиена қағидаларын, тамақ дайындау технологиясын, тамақ өнімдерін сақтауды бұзу болып табылады.

         Оқушылар арасында тамақтан улану мен ЖІИ алдын алу мақсатында:

- тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде ғана қабылдауды жүзеге асыру;

- шикі өнімдер мен балаларды термиялық өңдеусіз тамақтандыру үшін қолданылатын өнімдерді сақтаудың бөлек шарттарын сақтау. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт, қышқыл сүт өнімдері және т. б.) дұрыс сақтау және уақтылы пайдалану ерекше назар аударуды талап етеді;

- тағам дайындау технологиясын сақтау;

- стерильді ыдыстарға дайындалған және өткізілген тамақ өнімдері мен аспаздық тағамдардың тәуліктік сынамаларын алуды, оларды дайын тамақ өнімдеріне арналған тоңазытқыш жабдықтарында 48 сағат бойы +2 °C - +6 °C температурада сақтауды қамтамасыз ету;

- ас үй мүкәммалы мен асхана ыдыстарын өңдеу режимдеріне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін есте сақтаған жөн.

         Мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру кезінде эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз емес тағамдар ретінде «флотша» макарондарды, зельцтерді, қоймалжыңдарды, фаршталған құймақтарды, күрделі (төрт компоненттен астам) салаттарды, майонез бен қаймақ құйылған салаттарды, кремі бар кондитерлік тағамдарды, шала пісірілген жұмыртқаларды, қуырған жұмыртқаны, өнеркәсіптік емес (үйде) дайындалған тамақ өнімдерін дайындауға және өткізуге жол берілмейтінін естеріңізге саламыз, олар белгілі бір жағдайларда балалардың тағамдық токсикоинфекциясын, ЖІИ тудыруы мүмкін.

         Қоғамдық тамақтандыру объектісінің қызметкерлері белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтуге, жеке гигиена қағидаларын сақтауға міндетті. Ішек дисфункциясы белгілері бар, сондай-ақ қолындағы жаралары бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

         Ақмола облысының аумағында өткен және ағымдағы оқу жылында мектеп оқушылары арасында тамақтанумен байланысты тағамдық токсикоинфекция және ЖІИ жағдайлары тіркелмегеніне қарамастан, санитариялық дәрігерлер мектептегі тамақтануды ұйымдастырушылар мектептегі тамақтануды ұйымдастыру кезінде жоғарыда көрсетілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін еске салады.