Тұз – адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысына қажетті компоненттердің бірі.
Тұздың йодталған тұз, теңіз тұзы, қара тұз т.б. түрлері бар. Олардың әрқайсысының адам денсаулығына пайдасы бар. Соның ішінде тұрмыста көп қолданатын йодталған тұздың пайдасы зор.
Әр адам йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады.
Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады..
Бүгінгі таңда табиғи йодталған тұздың жетіспеушілігінен, тұзды жасанды йодтап пайдалануға мәжбүрміз. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтау қажет.
Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.
Тұздың құрамын басты элементі натрий болып табылады. да ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал Натрий жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты.
Натрийдің көп тұтынылуы (тәулігіне 2 грамнан астам, бұл тәулігіне 5 грамм тұзға сәйкес келеді) және калийдің жеткіліксіз қабылдануы (тәулігіне 3,5 грамнан аз) қан қысымының жоғарылауына ықпал етеді және жүрек-тамыр аурулары мен инсульт қаупін арттырады.
Біздің күнделікті рационымызда натрийдің негізгі көзі тұз болып табылады, бірақ ол көптеген елдерде тағамдық хош иістендіргіш ретінде қолданылатын натрий глутаматынан да алынады.
Көптеген адамдар тұзды күніне орта есеппен 9-12 грамм яғни ұсынылған максималды қабылдаудан шамамен екі есе көп пайдаланады.
Ересектерде күніне 5 грамнан аз тұз қабылдау қан қысымын төмендетуге және жүрек ауруы, инсульт және инфаркт қаупін азайтуға көмектеседі. Тұзды тұтынуды азайтудың басты артықшылығы жоғары қан қысымының сәйкес төмендеуі болып табылады. Сондықтан, тұздың зиянды әсерін, сонымен қатар пайдасын ескере отырып, күнделікті қабылдауды сақтау және ескеру маңызды.
Сондықтан тұздың пайдасымен қатар зиянды әсерін ескере отырып, тәуліктік тұтыну нормасын сақтаған абзал!
Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде 2022 жылдың 7 ай көлемінде Шымкент қаласының аумағында орналасқан сауда орындарынан тағамдық тұз өнімінің 23 сынамасы сатып алынып, зертханалық зерттеу нәтижесінде талапқа сәйкестігі анықталды.