
Бірнеше ай бойы маймыл шешегі аурының өршуі әлемде алаңдаушылық туғызуда. Бұрын тек Африка құрлығында анықталатын инфекция қазірдің өзінде әлемнің барлық бөліктерінде белсенді айналымда жүр. Аурудың ең көп жағдайлары Еуропа елдерінде және АҚШ-та тіркелген. Африканың өзінде жұқтыру жағдайларының саны тез өсуде. 2016 жылдан бастап мұнда ауру 20 есе өсті. Ең ауқымды өршулер Нигерия мен Конгода тіркелуде.
Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі – жабайы жануарлар, приматтар және кеміргіштер. Инфекция ауру жануардың қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған кезде, сондай-ақ ауру жануардың етін жегенде жұғады.
Маймыл шешегі бірнеше тәсілмен беріледі. Атап айтқанда:
- жыныстық жол – маймыл шешегімен ауыратын науқаспен жыныстық қатынас кезінде (биологиялық сұйықтықтар арқылы);
- тығыз физикалық байланыс – маймыл шешегімен ауыратын адаммен шектеулі кеңістікте бірге тұрған кезде (вирус ағзаға зақымдалған тері арқылы, тыныс алу жолдары арқылы, көз, мұрын және ауыз, сондай ақ ұрықтанған тұрмыстық заттар арқылы және т.б.);
- тікелей – анадан ұрыққа (биологиялық сұйықтықтар арқылы);
- жабайы жануарлармен байланыста болу – маймылдар және кеміргіштер;
- ауа-тамшы жолымен – өте сирек, науқаспен ұзақ уақыт жабық бөлмеде болған жағдайда, зақымданған тері арқылы немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттармен (ұрық сұйықтықтары, қан, зәр және т.б.) байланыста болғанда.
Инкубациялық кезең 5 күннен 21 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Адамдардағы клиникасы – жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуы.
Маймыл шешегі ауруы белсенді түрде өсіп келе жатқан елдерде халықты вакцинациялау науқаны басталды. Бұл әдісті қолдану бұрын өзінің тиімділігін дәлелдеді. Маймыл шешегінің ең жақын туысы – табиғи шешек 1980 жылы ДДҰ ұйымдастырған ғаламдық вакцинацияның көмегімен жойылған. Осы жылдан бастап шешекке қарсы вакцинация тоқтатылды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.
Осы инфекцияның әкелінген жағдайлары тіркелген Африка елдерінен және басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады.
Қазақстан Республикасының аумағына осы инфекцияның әкелінуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары қабылданды.
2022 жылы Қазақстанның 39 санитариялық-карантиндік пунктінде (авиа – 17, темір жол - 5, теңіз – 2, автоөтпе жолдары – 15) қашықтық термометриясының көмегімен аса қауіпті вирустық ауруларға күдікті адамды мемлекеттік шекарада анықтау (әкелудің алдын алу) бойынша іс-шаралар жүргізілуде (СКП-лар жұмыс істеп тұрған 113 тепловизор: әуежайларда – 72, т/ж – 24, автоөтпе жолдарында – 15, теңіз өткелдерінде - 2).
Құрметті қазақстандықтар!
Жазғы маусым қызған кезде, оқушыларда каникул болғанда, ал көптеген жұмыс істейтін азаматтар демалысқа шыққан кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға мынадай кеңес береді:
1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) (әсіресе балалармен) барудан бас тартыңыз;
2) шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс жасамаңыз, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпеңіз, тамаққа тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдаланыңыз, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтықты, маскаларды, дезқұралдарды) пайдаланыңыз, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасын сақтаңыз.
3) егер сапардан келгеннен кейін 3 апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, міндетті түрде шет елде болғаныңыз туралы хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.