Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері атмосфералық ауа сапасына жүргізген мониторинг қорытындысы туралы

Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері атмосфералық ауа сапасына жүргізген мониторинг қорытындысы туралы

             Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау – қоршаған ортаның санитариялық-эпидемиологиялық мониторингінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

             Зиянды заттардың адамға және қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг барысында атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануы туралы деректер жиналады. Бақылау қозғалысы қарқынды қаланың автомагистральдарында, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке араласпаусыз өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы қоныстану аумағында жүргізіледі.

             Атмосфералық ауаның жай-күйіне алынған деректер себеп-салдарлық байланыстарды және ластану көзін анықтау, сондай-ақ жағдайды жақсартуға бағытталған басқарушылық шешімдерді одан әрі әзірлеу үшін пайдаланылады.

            2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы қаласы бойынша атмосфералық ауаның сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 6250 сынамасын зерттеді, оның ішінде 924 сынамада немесе 14,8%-нде ауытқулар анықталды.

             Зертханалық бақылау автомобиль көлігінің ең қарқынды қозғалысы бар автомагистральдардағы 20 нүктеде жүзеге асырылды, онда 3348 сынама зерттелді, 924 сынамада немесе 27,6%-нде шекті рұқсат етілген концентрацияның (бұдан әрі – ШРК) артуы анықталды.

             Тұрғын аумақтағы 22 нүктеде өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағында 2902 сынама зерттелді, ШРК-дан артық зиянды заттар табылған жоқ.

             Статистика көрсетіп отырғандай, Алматы қаласында атмосфералық ауаның ластануының негізгі факторларының бірі – автокөлік шығарындылары болып табылады. Осыған байланысты, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды жауапты азаматтық ұстанымды көрсетуге және қоршаған ортаға аса ұқыптылықпен қарауға шақырады. Тек ортақ еңбекпен табиғат ресурстарына үлес қосуға болады!