Бүгінгі күні маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары Африкада жылдам өсуде. Ресми деректерге сәйкес ауру көрсеткіштері 2016 жылдан бері 20 есеге өскен. Аурудың ауқымды өршу жағдайлары Нигерия мен Конгода тіркелуде.
Шешек Батыс Африка елдерінде (Конго демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Ортаафрикалық республика, Нигерия, Кот-д’Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан).
ДДҰ мәліметінше, жыл басынан бері маймыл шешегінің 1,6 мың жағдайы тіркелген, 66 адам ауру салдарынан көз жұмып, өлім-жітім көрсеткіші 4,7 процентті құрады.
ДДҰ-ның алдын ала деректері бойынша әлемнің 63 елінде 4 564 жағдай орын алған. Атап айтқанда:
- Ұлыбритания – 910,
- Германия – 838,
- Испания – 738,
- Португалия – 373,
- Франция – 332,
- Канада – 279,
- Нидерланды – 257,
- АҚШ – 244,
- Италия – 128,
- Бельгия – 77,
- Швейцария – 68,
- Бразилия – 29,
- Израиль – 29,
- Ирландия – 28,
- Австрия – 20,
- Гана – 18,
- Дания – 16,
- Норвегия – 15,
- Австралия – 13,
- Швеция – 13,
- БАӘ – 13,
- Венгрия – 12,
- Польша – 12,
- Мексика – 11,
- Словения – 8,
- Аргентина – 6,
- Чехия – 6,
- Уганда – 6,
- Румыния – 5,
- Финляндия – 4,
- Мальта – 4,
- Бенин – 3,
- Болгария – 3,
- Чили – 3,
- Колумбия – 3,
- Греция – 3,
- Исландия – 3,
- Иран – 3,
- Люксембург – 3,
- Сомали – 3,
- Француздық Гвиана – 2,
- Латвия – 2,
-Багамы – 1,
- Боливия – 1,
- Каймановы аралы -1,
- Хорватия – 1,
- Грузия – 1,
- Гибралтар – 1,
- Гаити – 1,
- Ливан – 1,
- Марокко – 1,
- Пакистан – 1,
- Парагвай – 1,
- Перу – 1,
- Сербия – 1,
- Сингапур – 1,
- ОАР – 1,
- Оңтүстікя Корея – 1,
- Судан – 1,
- Тайвань – 1,
- Уругвай – 1,
- Венесуэла – 1,
- Замбия – 1.
Инфекция көзі. Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі адамға жабайы жануарлар приматтар және кеміргіштерден (тиіндер) жұғады.
Инфекция ауру жануардың қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған кезде, сонымен бірге ауру жануардың етін жегенде жұғады.
Берілу жолдары
- жабайы жануарлармен - приматтар (маймылдар) және кеміргіштермен (тиіндер) байланыста болу;
- маймыл шешегімен ауыратын маймылмен тығыз физикалық байланыста болу (вирус организмге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді).
- ауа-тамшы жолымен (науқас адаммен жабық үй-жайда бірге болу) және терінің зақымдалуы арқылы немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттарды ұстағанда жұғады.
Клиникалық көрінісі.
Инкубациялық кезеңі – 5 күннен 21 күнге дейін. Адамдардағы клиникасы – жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуы.
Өлім-жітім.
Өлім-жітім маймыл шешегімен ауыратын науқастардың жасына байланысты әртүрлі болады, бірақ 10%-дан аспайды. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, кездейсоқ өздігінен емделуі мүмкін.
Профилактика.
Маймыл шешегінің ең жақын тұқымдасы – табиғи шешек 1980 жылы ДДҰ ұйымдастырған Ғаламдық вакцинацияның көмегімен жойылған. Осы жылдан бастап шешекке қарсы вакцинация тоқтатылды.
Ғалымдар табиғи шешекке қарсы вакцинаның қорғау әсерін дәлелдеді (АҚШ, Жапония, Еуропа және Ресейде тірі вакциналар бар (ACAM2000, LC16m8, IMVAMUNE, IMVANEX)
Шет елдерге шығатын адамдарға ұсынымдар.Жазғы каникулдың және демалыс маусымының, жаппай жиналыстардың, фестивальдердің (оның ішінде Еуропа өңірінде) басталуына байланысты мынадай кеңестер ұсынылады:1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) (әсіресе балалармен) бармау;2) шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс жасамау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпеу, тамаққа тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтықты, маскаларды, дезқұралдарды) пайдалану, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасын сақтау.3) Егер сапардан келгеннен кейін 3 апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, міндетті түрде шет елде болғаныңыз туралы хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.
Қазақстандағы ахуал
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.
2021 жылы осы инфекция жағдайлары тіркелген Африка елдерінен және басқа елдерден келетін азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады.
Қазақстан Республикасының аумағына аталмыш инфекцияның әкелінуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары қабылданды. 2022 жылы Қазақстанның 39 санитариялық-карантиндік пунктінде (авиа – 17, темір жол - 5, теңіз – 2, автоөтпе жолдары – 15) қашықтық термометриясының көмегімен аса қауіпті вирустық ауруларға күдікті адамды анықтау (әкелудің алдын алу) бойынша іс-шаралар жүргізілуде (жұмыс істеп тұрған 113 тепловизор: әуежайларда – 72, т/ж – 24, автоөтпе жолдарында – 15, теңіз өткелдерінде - 2).
Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
.